Бас жаңалықтар
Сүлейменов ауылда сұранысқа ие кәсіп түрлерін атады
03 Наурыз 2021, 15:46 297

Сүлейменов ауылда сұранысқа ие кәсіп түрлерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов жаңа жағдайдағы әйелдер кәсіпкерлігі: сын-қатерлер мен мүмкіндіктері туралы өткен брифингте айтты. 

Әйелдердің бизнес жоспарды беру деңгейі әртүрлі болады. Олардың грант алуғат деген ынтасы өте жоғары. Олар табысқа жетеді. Әйелдер арасында көбі бизнесті енді бастап жатады. Олар экологиялық таза өнімдерді жүзеге асырады. Бизнес ашқан әйелдердің ішінде тұрақты жұмыс істеп, бірнеше адамды жұмыс орнымен қамтығандар бар, - деді ол. 

Сүлейменов биыл 11 бизнес бағыттан бөлек 4-5 жаңа бағыт қосылып отырғанын айтты.

Қазір құлпынай өсіру сұранысқа ие болып отыр. Мал шаруашылығы бойынша қой өсіруді айтуға болады. Оңтүстіік өңірлерде балық шаруашылығын айтуға болады. Қазір мұны сарапшылар зерделеп жатыр. Биыл 4-5 жаңа бағытты қосуды жоспарлап отырмыз, - деді Асхат Сүлейменов. 

Ол атағандай, әйелдерді оқыту кезінде жасыл экономика негіздері ашылады. 

Жаңа технологиялар бойынша энергияны үнемдеп, құнарлылықты арттыруға болады. Осындай бастамалар туралы да айтылады. Тиімді жобаларға басымдық беріледі, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...