Суданда көлік апатынан 13 адам қаза тапты

1 Тамыз 2020, 14:45
1958
Бөлісу:
Суданда көлік апатынан 13 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Суданда шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, 13 адам қаза тапты. 

Ірі жол апатына себеп көлік жүргізушісінің абайсыз жүруі болған. Полиция жүк көлігінің жүргізушісіне кінә тағып отыр. Бұл туралы Синьхуа хабарлады. 

Суданның орталық бөлігіндегі Гезира провинциясындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алды, - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, апатқа жүк көлігі жүргізушісі кінәлі болып отыр.

Судан ЖКО салдарынан өлім-жітімі ең жоғары елдердің қатарына кіреді, олардың негізгі себептері абайсыз жүргізу, жолдардың нашар жағдайы мен көлік құралдарын кәдеге жаратудың нашар дамыған жүйесі болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы