Судьялар қанша жалақы алады?

23 Қазан 2020, 17:46
3103
Бөлісу:
Судьялар қанша жалақы алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да «Қазақстан судьяларының VIII съезі: құзыреттілік, тәуелсіздік, жауапкершілік» тақырыбында өтіп жатқан онлайн брифинг барысында ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов айтты.

Қазақстандағы барлық деңгейдегі судьяларды қоса алғанда қанша судья қызмет етіп жүр? Олардың орташа айлық жалақысы қанша? Брифинге қатысушыларға журналист осындай сауалдар жолдады.

ҚР аумағында аудандық, облыстық және Жоғарғы сотты қоса алғанда, 2 684 судьялық бірлік қарастырылған. Бірақ бүгінгі күні 2 400-і нақты жұмыс істейді. 14% бос орын бар, - деді Айдос Сәдуақасов.

Сонымен қатар Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы судьялардың қанша жалақы алатыны туралы айтты.

Жалақысына келетін болсақ, ешқандай құпия жоқ. Аудандық деңгейдегі судьяларда орташа есеппен алғанда жалақы мөлшері 400-500 мың теңгенің төңірегінде. Ол еңбек өтіліне қарай. Ал облыстық деңгейде 600-700 мың теңге төңірегінде. Жоғарғы Сот судьялары шамамен 800-900 мың теңге жалақы алады, - деді ол.

Бұл жерде айта кететіні, әр судьяның еңбек өтіліне байланысты айырмашылықтар болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бүгін Президенттің қатысуымен онлайн форматта Қазақстан судьяларының VIII съезі өткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы