Субсидия бөлмей ауыл көтерілмейді

17 Қазан 2020, 21:00
2081
Бөлісу:
Субсидия бөлмей ауыл көтерілмейді

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан фермерлер одағының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев «Желмая» жобасында айтты.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығын ілгерілетуде кемшіліктер бар, біз соларды мойындауымыз керек. 

Мәселен, шаруаға не керек? Оларға ең бірінші, қолжетімді несие қажет. Фермердің мақсаты – егіннен көп өнім алу, екіншіден малын қоңды етіп бағу. Қазір шаруаға қолжетімді несие алу қиын болып тұр. Ооның талаптары қатаң, одан кейін несиеге кепілдікке қоятын мүліктері жетіспейді, жетсе де ол тозған ескі техникалар. Сондықтан несиені тиянақты шешу керек. Ол қазіргідей 1-2 жылға емес, 10-15 жылға ең төменгі пайызбен ары кетсе 2% беру қажет, - дейді Жигули Дайрабаев.  

Сонымен қатар ол шаруаларды жаңа техникамен қамтуда да мәселе шаш етектен екенін жеткізді.

Шаруалар бүгінгі күн талабына сай жаңа техникамен жұмыс істеу қажет деп айтамыз. Бұл жерде де мәселе жетерлік. Біз көбінде дамыған Еуропамен салыстырамыз. Ал, олар бар техникасын жылына 10% дейін жаңартып отырады. Бізде ары кетсе 3-4% аспайды. Оған қоса бізде ауыл шаруашылық техникалары өндірілмейді. Біз аграрылқ мемлекет болған соң осыдан шығудың амалын ойлауымыз керек, - дейді ол.  

Оның айтуынша, елімізде ауылдық жердің инфрақұрылымы да дұрыс шешілмеген. 

 

Мәселен, күзден бері ауыл-аймақты аралап 7,5 мыңдай шақырым жер жүрдім. Соның 1,5 шақырымы жолсыз жер. Ауыл тұрғындары малының етін, сүтін қалаға апарам десе жол жоқ. Сондықтан инфрақұрылымды шешу керек. Жастар ауылда қалмайтын болды дейміз, бірақ ауылды жақсартуға көңіл бөлмей отырмыз, - дейді басқарма төрағасы. 


 

Өзгелердің жаңалығы