Суармалы жерлер аумағын елдің солтүстігінде де ұлғайту қажет – министр

18 Маусым 2019, 12:41
1822
Бөлісу:
Суармалы жерлер аумағын елдің солтүстігінде де ұлғайту қажет – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров есеп беру кездесуінде 2021 жылға қарай суармалы жерлер алаңын 2 млн гектарға жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. 

Қазақстанда бүгінде 1,4 млн га суармалы жер бар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 42% осы жерлерден алынады. 

«2021 жылға дейін суармалы жерлер алаңын тағы да 600 мың га ұлғайтып, 2 млн га жеткізуді жоспарлап отырмыз. Суармалы жерлердің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан: 38% – Түркістан облысына, 29% – Алматы облысына, 14% – Қызылорда облысына және 8% Жамбыл облысына тиесілі», - деді Омаров. 

Министр өзен суы мен еріген қар суын азық өндіру мақсаттарына пайдалануға болатын Қазақстанның солтүстігіндегі суармалы жерлерді дамытуға көп көңіл бөлінбей отырғанын айтты.

«Қазіргі таңда етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту жақсы қарқынмен дамып жатыр.  Мал азығына сұраныс еселеп артуда, осыған орай өнімдерді суару алаптарында өндіруге болады.  Сондықтан суармалы жерлерді тек еліміздің оңтүстігінде ғана емес, азық базасын ұлғайту мақсатында солтүстігінде де дамытқан жөн деп санаймыз», - деді ведомство басшысы есеп беру кездесуінде.

Өзгелердің жаңалығы