Су тасқыны зардабы үшін әкімдіктер бюджеттен ақша сұрамаған

25 Сәуір 2019, 15:09
2698
Бөлісу:
Су тасқыны зардабы үшін әкімдіктер бюджеттен ақша сұрамаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл су тасқынына байланысты бірде-бір әкімдік республикалық бюджеттен қаржы сұрамаған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

«Келтірілген залал сомасы туралы мәлімет жоқ. Республикалық бюджеттен бірде-бір әкімдік қаржы сұрамады. Төтенше жағдай жарияланған жерлерде апат жергілікті сипатта болды. Павлодар облысындағы автокөлік жолдарымен судың өтуін қалпына келтіру секілді жайттарды айтсақ болады. Көкшетау тұрғындарына өтемақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаржысы есебінен 400 мың теңге бөлінді», - деп айтты Ильин Үкімет үйінде. 

Ол былтыр әкімдіктер шығындар туралы, соның ішінде республикадық бюджеттен сұралған қаржы туралы ақпарат ұсынбағанын, биыл да мұндай ақпараттың болмайтынына үміттенетінін жеткізді.

Бұған дейін ІІМ су басу қаупі бар елді мекендерді бақылауда ұстап отырғанын айтты. Сондай-ақ, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанның қай аумақтарында су тасқыны қаупі бар екенін айтты.




Өзгелердің жаңалығы