Су тасқынына байланысты 9 облыста республикалық жедел штаб құрылды

6 Сәуір 2021, 23:43
1174
Бөлісу:
Су тасқынына байланысты 9 облыста республикалық жедел штаб құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында 1 тұрғын үйді және үй маңындағы 3 аумақты су басты. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, республика бойынша жағдай тұрақты. Азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының іс-қимылын үйлестіру үшін 9 өңірде республикалық жедел штаб құрылды. Олар елорда мен Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, барлық аймақта су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы