Су тасқыны. Ақтөбе тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

11 Сәуір 2021, 15:02
2104
Бөлісу:
Су тасқыны. Ақтөбе тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін түнде Ақтөбе қаласындағы Қарғалы және Думан тұрғын үй алаптарынан 20 адам эвакуацияланып, мектепке орналастырылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.


Ақтөбеде жеке үйлердің аулаларын еріген қар суы басып, жедел түрде 20 адам (оның ішінде 9 бала) М. Арынов атындағы мектепке эвакуацияланды.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың жедел тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тұрғындар өз үйіне қайта оралады. Ақтөбе облысының ТЖД су басу қаупі жоғары аймақта тұратын азаматтарға сақ болуды ескертеді, - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, кеше Шығыс Қазақстан облысындағы Новопокровка ауылының тұрғындары эвакуацияланған еді.

Өзгелердің жаңалығы