Қазақстанда өзен-көлдердегі су сапасын онлайн бақылауға болады

18 Қыркүйек 2020, 12:15
1778
Бөлісу:
Қазақстанда өзен-көлдердегі су сапасын онлайн бақылауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі Дүниежүзілік су сапасын бақылау күніне орай, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды.

Бүгін - Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысанында жүргізіледі. Өткен жылы жерүсті сулары сапасының интерактивті картасы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдегі су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар, - деп жазды министр.

Мырзағалиев қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурстың бірі - суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы