Су добынан Олимпиада ойындарының жеребесі тартылды

23 Ақпан 2021, 02:55
1646
Бөлісу:
Су добынан Олимпиада ойындарының жеребесі тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Роттердамда (Нидерланды) су добынан Токио Олимпиада ойындарының ресми жеребесі тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жеребе тарту FINA байланыс бойынша төрағасы Андрей Крюковтың құттықтау сөзінен басталды. Салтанатты рәсім FINA техникалық комитетінің төрағасы Лоло Иберн мен су добы аңызы Мауро Магеридің ұлы Алессандро Маугерінің қатысуымен өткізілді.

Су добы тарихында биыл тарихта алғаш рет Олимпиада ойындарына әйелдер арасында он команда қатысады.  2000-2016 жылдар аралығында Ойындарға тек сегіз әйелдер командасы қатысуға мүмкіндік алған. Жеребе қорытындысы бойынша А тобына Австралия, Испания, Нидерланды, Канада және Оңтүстік Африка құрамалары кірді. В тобына АҚШ, Венгрия, Ресей, Қытай және Жапония құрамасы енді.

Ерлер арасындағы командалар арасындағы жеребе су добы спортының жанкүйерлеріне тосынсый жасады. Атап айтқанда, биыл соңғы 19 жыл ішінде алғаш рет Италия мен Венгрия құрамалары өзара кездеседі. Қос команда соңғы рет 1992 жылы өзара кездесу өткізген. Олардан басқа бұл топқа Оңтүстік Африка, АҚШ, Венгрия, Греция және қазіргі Олимпиаданың қожайыны Жапония командасы кіреді.

B тобы бұрынғы Югославияның үш командасы қатысатын эпикалық дуэль алаңы болады. Дәлірегі, Сербия, Хорватия және Черногория бір себетте. Олардан бөлек, В тобында Испания, Австралия және Қазақстан командалары енді.

Естеріңізге сала кетсек, Джакартадағы 2018 жылғы Азия ойындарының орытындысы бойынша қазақстандық су добы ойыншылары төртжылдықтың негізгі додасына жолдама жеңіп алған. Бұл туралы шешім 2020 жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда жоспарланған Азия іріктеу турнирінің өткізілмеуіне байланысты қабылданған.

Әйелдер турнирі:

А тобы Австралия, Оңтүстік Африка, Нидерланды, Испания, Канада.

В тобы Ресей, Қытай, Венгрия, АҚШ, Жапония.

Ерлер арасындағы турнир:

А тобы Оңтүстік Африка, Америка Құрама Штаттары, Венгрия, Греция, Жапония, Италия.

В тобы Австралия, Хорватия, Сербия, Испания, Қазақстан, Черногория.

Өзгелердің жаңалығы