Су добынан Қазақстан командасы Ресей чемпионатындағы жарысын жалғастырады

3 Ақпан 2021, 09:06
1652
Бөлісу:
Су добынан Қазақстан командасы Ресей чемпионатындағы жарысын жалғастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су добынан Қазақстан ерлер командасы ақпан айында бірнеше кездесу өткізіп, оқу-жаттығу жиындарына қатысады деп хабарлайды Olympic.kz. 

3-5 ақпан күндері қазақстандық команда Ресей чемпионатының кейінге шегерілген матчына қатысады. Кездесу Санкт-Петербургте өткізілмек. 

Содан соң, 11 ақпанға дейін жалғасатын оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Руза қаласын бетке алады.  Аталған аймақта қазақстандық ватерполшылар Ресей чемпонатының кезекті тур ойындарын өткізеді. Ойыннан соң команда мүшелері арнайы физикалық дайындықты шыңдауға кіріспекші.  

19-21 ақпан күндері Мәскеуде, 22-23 ақпан күндері Волгоград қаласында Суперлига матчтары өткізіледі.  

Кейін команда мүшелері тағы да Руза қаласында жаттығып, 26-28 ақпан күндері Ресей чемпионатының турына қатысады.   


Өзгелердің жаңалығы