Коронавирус: Су добынан Токио олимпиадасына іріктеу турнирі өтпейтін болды

15 Ақпан 2020, 16:40
1785
Бөлісу:
Коронавирус: Су добынан Токио олимпиадасына іріктеу турнирі өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Inside The Games Азия құрлығында су добынан Токио олимпиадасына іріктеу турнирі болмайтынын хабарлады.

Халықаралық федерация кешенді сында 2018 жылы өткен Азия ойындарының үздік командалары қатысады деп шешім шығарған болатын. Яғни, Қазақстанның ерлер құрамасы да олимпиадаға ілігеді. Жолдама осы аптада Қазақстанда басталуы тиіс Азия біріншілігінің қорытындысына сай үлестірілуі тиіс еді. Бірақ біздің ел коронавирусқа байланысты жарыс өткізуден бас тартты. Оған ерлер арасынан Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Қазақстан құрамасы қатысатын болған. Қыздар арасында Қазақстан мен Жапония, Қытай мен Сингапур, Өзбекстан мен Солтүстік Корея бақ сынап, іріктелуі тиіс еді.
Өзгелердің жаңалығы