Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

5 Сәуір 2019, 19:54
3337
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Жастар жылы» аясында және «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында заманауи студенттік емхананың ашылу салтанаты өтті. 

Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

Шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Надыров, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Қ.Ахметов пен З.Д.Аманжолова, университет ректоры А.Қ.Күрішбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркенов, «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы міндетін атқарушы Ә.Ш.Рүстемова, қоғам қайраткері Н.М.Петухова, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, № 5 қалалық емхананың бас дәрігері А.Ж.Табулдина қатысты.

Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

«Білім ордасында студенттердің әлеуметтік қолдауына үлкен көңіл бөлінеді. Республика бойынша ЖОО жанындағы студенттік емханалар тек Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғана бар. Ендігі кезекте біздің студенттеріміз де ешқайда бармай-ақ өз емханамызда қызмет алатын болады. Сонымен қатар, жаңа формат университет пен №5 қалалық емханасының серіктестігі нәтижесінде жүзеге асып отыр»,- деді Университет ректоры Ақылбек Қажығұлұлы.

Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

Студенттік емханада 13 мыңға жуық білім алушы тіркелген.  

Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

Оларға төрт аймақ бойынша 4 дәрігер-терапевт, невропатолог, кардиолог мамандары және 7 медбике қызмет көрсетеді. Дәрігерлерге жазылу «Смарт Астана» және «ДамуМед» электронды қосымшасы көмегімен жүзеге асады.

Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

Дәрігерлік бөлмелер студенттік қалашықтың жатақханаларының бірінде 300 шаршы метр аумақта орын тепкен. 

Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

Емханада жалпы практика дәрігері, салалық мамандар мен психологтың кабинеттері, емшара және тексеру кабинеттері, ЭКГ диагностикалық талдаулары мен тексерулерінің бөлмелері талаптарға сай жабдықталып, күту аймағы да қарастырылған. 

Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

Студенттік емханада  процедуралық кабинет, қан алу бөлімі, электрокардиограмма (ЭКГ), ультрадыбыстық зерттеулер (УЗИ), дәрігерді үйге шақырту (студенттік жатақханаларға) қызметтері көрсетіледі.

Нұр-Сұлтанда студенттерге арналған заманауи емхана ашылды

"Біздің ҚазАТУ-да студенттеріне көптеген жағдайлар жасалған. Міне, бүгінгі емхананың ашылуы да студент жағдайы университет басшылығының назарында екенін дәлелдейді. Телефондағы электронды қосымшалар арқылы қажетті маманға жазылып, медициналық көмекке жүгінуге болады. Оқу орданың барлық студенттерін бір медициналық орталықта қабылдау – екі тарапқа да ыңғайлы. Ашылу күннің өзіңде дәрігерлер білім алушыларға қызмет көрсеткені көңіл қуантады" - дейді Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің студенті Өмірзақова Келбет.

Басқарма Төрағасы А.Қ.Күрішбаевтың бастамасымен ашылған жаңа емхана елорданың жоғары оқу ордасының студенттеріне сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар жастарға денсаулықты нығайту бойынша ұсыныстар беруге, салауатты және белсенді өмір салтын насихаттауға мүмкіндік берері анық.

Өзгелердің жаңалығы