Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30%-ға көтеріледі. Бұл туралы бүгін xалық алдындағы есептік кездесуінде білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов айтты.
"Жақында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттердің стипендиясы 30%-ға көтеріледі. Енді, оның көлемі 21 787 теңге болады", - деді Асxат Аймағамбетов.Білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша елде 821 колледж бар, онда 488 мың студент оқиды. Жыл сайын тегін білім алуға шамамен 100 мың орын бөлінді.
Ол сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі материалдық-техникалық база ақсап тұрғанын айтты.Министрлік бұл мәселені шешу үшін жұмыс берушілермен тығыз жұмыс істеп жатыр екен.
Қазақстанда колледждердің тек 45% ғана қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілген.
"Жасырудың қажеті жоқ, мысалы комбайн жүргізушісін дайындайтын колледждер бар. Бірақ ол жерде "Енисей" т.б сол секілді комбайнның өзі жоқ. Сондықтан колледждердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету өте маңызды», - деді министр.
Оның айтуынша, «Жас Маман» жобасының аясында 3 жыл ішінде 180 колледж модернизацияланады. Әр облыста шамамен 10 колледж осы бағдарламамен қамтылады.