Бас жаңалықтар
Студенттер «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкшетау» атты көрмені тамашалады
14 Қазан 2021, 17:15 2142

Студенттер «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкшетау» атты көрмені тамашалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласының тарихи музейі қызметкерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар ауқымды іс-шара жоспарлаған. Солардың бірі - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер – туған ел» кіші бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкшетау» атты жылжымалы көрме ұйымдастыру.

Көрменің мақсаты - Ақмола облысы аудандары мен Көкшетау қаласындағы мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерін Көкшетау қаласының құрылуы, даму тарихы және еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру арқылы тарихымызды сақтау және зерделеу, жастар бойында патриоттық сезімді және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.


14 қазан күні Музей қызметкерлері «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкшетау» атты жылжымалы көрмені Көкшетау қаласындағы Құрылыс технологиялық колледжінде ұйымдастырып, ұстаздар мен 1-2-курс студенттеріне туған қаламыздың өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мағлұмат берді. 


Сонымен қатар соңғы 30 жылдағы еліміздің жетістіктері және Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тарихы туралы баяндалды.

Колледждің оқу ісі бөлімі меңгерушісі Әсия Кенжебекқызы ұстаздар ұжымы мен студент жастар атынан музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. 

Көрмені 80-нен астам студент пен ұстаз тамашалады.

Ертең, қазанның 15-і күні «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкшетау» атты жылжымалы көрме өз жұмысын жалғастырып, 3-4-курс студенттері назарына ұсынылады.


Фото: дереккөз
Загрузка...