Бас жаңалықтар
Студенттер ЖОО-ға жұмысқа орналасқаны туралы анықтама тапсыруға міндетті ме?
08 Қазан 2020, 17:38 105

Студенттер ЖОО-ға жұмысқа орналасқаны туралы анықтама тапсыруға міндетті ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КЕАҚ ректоры Ерлан Сыдықов Жоғары білім сапасын арттыру туралы өткен онлайн брифинг барысында жауап берді.

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңындағы брифингке «Елімізде оқу орнын бітірген студенттерден, түлектерден университеттер жұмыс орындарынан анықтама талап ету мәселесі әлі де бар ма?» деп журналист сауал жолдады.

Кез келген университеттің, оқу орнының басты көрсеткіштерінің бірі – ол түлектерінің жұмысқа орналасуы. Бұған мемлекет те, қоғам да, университет те мүдделі. Осыны қалай қадағалап отыру керек? Қай жерге орналасты? Әрине, бұл үшін түлектермен байланыс болуы керек. Көпшілігі жұмысқа орналасқаннан кейін өздері хабарласып жатады. Дегенмен, міндеттеп, анықтама сұрайтындай жағдай жоқ. Кезінде төменде отырған қызметкерден сұраған да шығар. Қазір жұмысқа орналасқан және орналаспағандығын анықтайтын басқа да жолдар бар. Оны студентпен, түлекпен кездеспей-ақ біліп алатын жолдар көп, - деді Ерлан Сыдықов онлайн брифингте.

Фото: дереккөз
Загрузка...