Коронавирус: Алматыдағы науқас студент Стамбұлдан келген

18 Наурыз 2020, 10:01
1253
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыдағы науқас студент Стамбұлдан келген
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп еліміздегі коронавирус бойынша 18 наурыздағы 08.00-дегі  жағдай туралы айтты.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 азамат тіркелді. Оның бірі 1998 жылы туған қыз бала, студент. Стамбұл-Алматы рейсі арқылы 15 наурызда ұшып келген болатын. Екіншісі 1974 жылғы әйел. 10 наурыз күні Мәскеуден ұшып келді. Екеуі де қазір стационарда, ем қабылдап жатыр. Жағдайлары жақсы, - деді Диас Ахметшәріп.

 


Қазіргі жағдай бойынша, Алматы қаласында 17 адам. Нұр-Сұлтан бойынша 18 адам. Барлығы 35 науқас тіркеліп отыр.



Өзгелердің жаңалығы