Бас жаңалықтар
Студенттер арасында шахмат турнирі басталды
02 Сәуiр 2019, 16:02 786

Студенттер арасында шахмат турнирі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ЕҰУ қабырғасында Динара Садуақасова кубогы үшін студенттер арасындағы шахматтан республикалық турнирі басталды.

Биыл турнирге Қазақстанның барлық өңірінен 30 аса ЖОО-ның 120 студенті қатысып отыр. 

Шахматшы Динара Сәдуақасова жарыстың маңыздылығына тоқталды. 

"Турнирді жыл сайы ұйымдастырамыз. 20 астам оқу орындары қатысады. Іс-шара Жастар жылы қарсаңында өтіп жатыр. Елімізде шахмат кеңінен таныла түседі деп сенеміз. Осында турнирлердің арқасында шахматқа қызығатын жастар қатары артады. Көптеген шахмат секциялары, мектептер ашылып жаьыр. ЕҰУ-да менің атымдағы клуб жұмыс істейді. Ынтымақтастық үшін осы университетке алғысымды айтамын", - деді шахматшы. 

Ол турнирдің студенттерге берер пайдасын айта кетті. 

"Шахмат дағдыларын арттырып, жан-жақтан келген әріптестерімен араласады. Т.урнирде қажетті ұпайын алып, рейтингілері жақсарады. Биыл жүлде қоры - 1,5 млн теңге. Демеушілік танытқан "Самұрық-Қазынаға" алғысымды айтамын. Келер жылы қатысушылар саны көбейіп, барлық оқу орнындағы студенттер қатысады деп ойлаймын", - деді гроссмейстер. 

ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабекұлы 2013 жылдан бері шахматтан Динара Сәдуақасова атындағы республикалық, кейінгі жылдары халықаралық кубогы өтіп келе жатқанын атап өтті. 

"Кубоктың мақсаты жастарды осы спорт түріне баулу, жалпы ақыл-ой ойыны саналатын шахматты халықымыздың арасында насихаттау. Бұл турнир Динара Садуақасованың еңбегін, осы спортқа адалдығын, дәстүр сабақтастығына айқындайды. Жылдан-жылға қатысуылардың саны да, сапасы да артып келе жатыр. Бұл жастардың шахмат өнеріне деген ықыласының қандай екенін  көрсетеді. Бақылаушы, жиынның қамқоршысы, жанкүйері ретінде  Парламент депутаттары, белгілі спорт, қоғам, өнер қайраткерлері қатысады. Қатысушылар барлық өңірден келіп отыр. Ең бастысы қатысу, сол арқылы спорттың абыройын көтеру", - дейді проректор. 

Турнир жеке командалық есепте, FIDE көрсеткішімен есептеледі. Ерлер арасында үздік ондық пен әйелдер аоасында үздік жетілікке ақшалай сыйлықтар мен дипломдар, медальдар табысталады. Жеңімраз топқа халықаралық гроссмейстер, әлем чемпионы Динара Сәдуақасованың кубогы беріледі. Жаттықтырушыларға да арнайы дипломдар табыс етіледі.

Загрузка...