Павлодарлық студент Австрияға жолдама алды

27 Қыркүйек 2020, 18:28
1621
Бөлісу:
Павлодарлық студент Австрияға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық студент WorldSkills стандарттары бойынша Еуразиялық чемпионаттан бірінші орынды иеленіп, Еуропалық WorldSkills-ке қатысу үшін Австрияға жолдама алды. 

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Жарысқа 2800-ден астам адам қатысты. Аталмыш чемпионаттың жыл өткен сайын маңызы күшейіп, қатысушылардың саны артуда. Қазақстан атынан «Веб-дизайн және өңдеу» құзыреттілігі бойынша Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжінің түлегі, ал қазір «Торайғыров университеті» АҚ студенті Дина Афанасьева бақ сынады. Жас кәсіпқой Еуразиялық чемпионатта бірінші орын алып, 2021 жылдың көктемінде өтетін Еуропалық WorldSkills-ке қатысу үшін Австрияға жолдама алды, - деді Дінислам Болатханұлы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2017 жылдан бастап жыл сайын WorldSkills Russia Ұлттық чемпионатының финалына қатысады. Қазақстанның жас кәсіпқойлары чемпионатта тоғыз құзыреттілік бойынша сынға түсіп жүр

Өзгелердің жаңалығы