Бас жаңалықтар
"Астанадан" кеткен Стойлов "Астанаға" қарсылас команданы жаттықтыруы мүмкін
22 Қаңтар 2019, 14:16 247

"Астанадан" кеткен Стойлов "Астанаға" қарсылас команданы жаттықтыруы мүмкін

Астана, BAQ.KZ. Болгариялық бапкер Станимир Стойлов карьерасын Чехия чемпионатында жалғастыратын болды. Бұл туралы KotaSport.com порталы хабарлады.

Басылым мәліметінше, Стойлов прагалық "Спарта" мен "Славия", сондай-ақ "Виктория Пльзень" сияқты топ-клубтардың біріне барады. Маман клубтық жұмысқа оралғысы келеді, алайда, өз отанындағы "Левскийді" жаттықтырудан бас тартты. 

Мұның алдында болгариялық маман Әзірбайжан құрамасы және "Ордабасын" жаттықтыруы мүмкін екені айтылған еді, бірақ, бапкер мұны жоққа шығарды. 

17 қаңтарда Стойлов Қазақстан құрамасымен келісімшартты үзді. Ұлттық құраманы болгариялық маман 2018 жылы жаттықтыра бастаған еді. Ал оған дейін "Астана" клубында қызмет етіп, командамен бірге Чемпиондар лигасының топтық және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өткен. 

Бір қызығы Еуропа лигасының 1/16 финалына "Астана" 2017 жылы желтоқсанда "Славияны" 1:0 есебімен жеңген соң өткен.

Сізден жаңалық