Бас жаңалықтар
Stopfake.kz арқасында 100-ден астам жалған хабарлама әшкереленді
21 Қыркүйек 2020, 16:31 86

Stopfake.kz арқасында 100-ден астам жалған хабарлама әшкереленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаны әшкереледі.

Жаңа ақпараттық ресурс жұмыс істегелі бергі 2 ай ішінде 91 жалған хабарламаның теріске шығарылуы жарияланды, ал 37 тақырып бойынша түсініктемелер берілді. Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиа алаяқтықтығымен байланысты болды, - делінген хабарламада.

Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасулар мен түсінбеушіліктердің деңгейін төмендету, сонымен қатар, оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын еске салу үшін жасалды.

Ақпараттық порталдың Telegram-дағы адресі t.me/stopfake_kz. Сондай-ақ, редакцияның +7 707 739 5599 Whatsapp нөміріне кез келген деректің дұрыстығын тексеру үшін хабарлама жіберуге болады.


Фото: дереккөз
Загрузка...