"Stop musor" Елордада әлеуметтік-экологиялық жобасы жүзеге асырылып жатыр

6 Мамыр 2022, 09:23
1997
Бөлісу:
"Stop musor" Елордада әлеуметтік-экологиялық жобасы жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ-мен бірлесіп, екінші жыл "Stop musor" әлеуметтік-экологиялық жобасын іске асыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жоба халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапты кәдеге жарату мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

Жоба аясында елдегі экологиялық мәселелерді шешу үшін Қауымдастық сайт пен "Stop musor" мобильді қосымшасын әзірледі.

Осы ресурстардың көмегімен пайдаланушылар өз қалаларында экологиялық шағым бере алады, жиналған барлық ақпарат қоғамдық экологиялық мониторинг порталында https://ecokarta.kz/ біріктіріледі.

Экологиялық проблемаларды шешу қалалық қызметтермен және уәкілетті ұйымдармен олардың сипатына қарай мынадай бағыттар бойынша пысықталады: қаладағы стихиялық қоқыстар, топырақтың ластануы, ормандардың кесілуі, атмосфераның ластануы, заңсыз құрылыс жұмыстары.

Өзгелердің жаңалығы