Степногорск қаласында жаңа жылыжай кешені салынуда

31 Қазан 2020, 11:12
1646
Бөлісу:
Степногорск қаласында жаңа жылыжай кешені салынуда

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Степногорск қаласында заманауи жылыжай кешені салынуда. Мұнда көкөністерді будандастыру әдісімен өсіру жоспарлануда. 

«Индустриалды-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасының жобасы – «Қазақстанның жылыжай технологиялары» кәсіпорнында жаңа жылыжай жарты гектар алаңда ғана салынады. Агрономдар бұл сапалы өнім мен жоғары тиімділікке қол жеткізудің бірден бір жолы деп есептейді. 

Мұнда көкөністер тек «гибридті» әдіспен өсіріледі. Қызанақтың тамырына баклажанның жоғарғы бөлігін егеміз. Олар белгілі бір температурада біріктіріледі, - деп түсіндірді серіктестік директоры Александр Грибалев. 

Бұл әдіс елімізде сирек кездеседі, негізінен шетелде қолданылады. Жақында жаңа жылыжай құрылысы басталды. Оны 2021 жылдың үшінші тоқсанында іске қосу жоспарлануда. 

2010 жылы 3,5 гектар алқапта жылыжай іске қосылды. Сол кезден бастап біз өнім өндіруді біртіндеп қолға алдық. Бүгінде бес гектарға жуық аумақта жаңа жылыжай іске қосылды. Бізде жылыжай кешенін сегіз гектарға дейін кеңейту жобалары бар. Бірақ бұл электр энергиясы мәселесін шеше алсақ қана жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ЖЭО-ға желі салу мәселесі пысықталуда. Бұл кәсіпорынды оған делдалсыз қосуға мүмкіндік береді. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырамыз деп үміттенеміз, - деп түсіндірді серіктестік директоры. 

Шаруашылықта қияр, қызанақ, бұрыш, баклажан, құлпынай және басқа да көкөніс түрлері өсіріледі. Қазіргі уақытта жылдық өнім көлемі 2,5 мың тоннаға жетіп отыр. Елорда айналасында азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуге қатысатын кәсіпорында заманауи технологиялар қолданылады. 

Кейбіреулер оны гидропоника деп атайды, нақтырақ айтсақ, бұл тамшылатып суарудың аз көлемді технологиясы. Біз көкөністі аз мөлшерде өсіреміз, ол үшін табиғи кокос субстратын қолданамыз. Онда әр өсімдікке тамшылар арқылы қоректік заттар беріледі. Сонымен қатар температура, ылғалдылық, ауа, жарық сақталады, - дейді Александр Грибалев. 

Салат жааырақтары арнайы ыдыстарда сатылады. Бұл оларды тұтынушыларға жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Жылыжай кешенінде зиянкестермен күресу үшін химиялық қоспалар емес, арнайы биоәдіс қолданылады. 

Өнім жақын өңірлер – Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысына, одан әрі  Қарағанды мен Павлодар, Петропавлға, сондай-ақ Ресейдің Омбы және Новосібір қалаларына жеткізіледі. 

Қазіргі уақытта кәсіпорын жергілікті 110 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

Өзгелердің жаңалығы