Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты күзде жалғасады

14 Тамыз 2020, 22:45
1323
Бөлісу:
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты күзде жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан үстел теннисі федерациясы еліміздің ашық чемпионатын жалғастыруға қатысты жаңа шешім қабылдады, деп жазады Olympic.kz.

Еліміздің ашық чемпионатына қатысатын команда өкілдері кеңейтілген онлайн жиын өткізіп, видеоконференцияда біріншіліктің ары қарайғы тағдыры талқыланды.

Келісе келе, мамандар Супер және Жоғары лиганың екінші айналымын 15-18 қазан аралығында Қарағандыда өткізетін болып шешті.

Алайда, коронавирус індетіне байланысты чемпионатын бұрынғыдай төрт айналым емес, екі айналымнан аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Айта кетелік, әзірге Шымкент командасы көш бастап келеді.

Өзгелердің жаңалығы