Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды

11 Қазан 2019, 03:39
1610
Бөлісу:
Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда өтіп жатқан үстел теннисінен Қазақстан біріншілігінде командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Olympic.kz. 

Қыздар арасындағы бәсекеде Қарағанды облысы топ жарса, Шымкенттік теннисшілер екінші орын иеленді. 

Ал үшінші орында Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан командалары.

Ерлер арасындағы сында Орал қаласының спортшылары көш бастады. Финалда оралдықтар Шымкент командасынан басым түсті.

Үшінші сатыда Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының командалары тұр. 

Өзгелердің жаңалығы