Стационарлардың қажеттілігін өтейтін арнайы штаб құрылды

13 Шілде 2020, 13:26
2271
Бөлісу:
Стационарлардың қажеттілігін өтейтін арнайы штаб құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты.

Біздің стационарлық нысандарда да бірқатар проблема туындаған болатын. Пациенттер санының өсуіне байланысты резервтік қор құру жөнінде шешім қабылданды. Соңғы үш күнде қай жерде қандай тапшылық бар болса, соған тиісті компаниялармен келісіп, "СК-Фармацияның" үлгермей жатқан жерлеріне біз жеткізіп беріп отырмыз. Бұған барлық бас дәрігерлердің де, олардың орынбасарларының да хабары бар. Арнайы штаб құрылды. Ол стационарлар бойынша дәрі-дәрмек, қорғаныш киімдері, маска, тамақтандыру сияқты қандай қажеттілік бар, сол бойынша жұмыс істейді. 24 сағат бойы жұмыс істеп, тиісті дүниені дер кезінде жеткізіп беруге тырысады. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасатын болады, - деді ол. 

Әкімнің орынбасары жыл соңына дейін стационарлық нысандардың қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндігіміз бар деп отыр.
Бұдан басқа стационарлық нысандарда жыл соңына дейін қиын жағдай бола қалған кезде қаншалықты қажеттіліктің болатынын есептеп, жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлініп жатыр. Бұл ретте де жыл соңына дейін стационарлық нысандардың қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндігіміз бар. Әрине, егер бас дәрігер 24 сағат ішінде арнайы штабқа хабар беретін болса, тиісті жабдық дер кезінде жеткізілетін болады, - деді ол. 

Сапарбек Тұяқбаевтың айтуынша, өндіріс бойынша да бірқатар жобалар пысықталуда. Ол бойынша толық ақпарат кейінірек берілетін болады.


Өзгелердің жаңалығы