Стационарларда 28 мың науқас пневмониядан емделіп жатыр

7 Шілде 2020, 12:08
1182
Бөлісу:
Стационарларда 28 мың науқас пневмониядан емделіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Стационарларда 28 мың науқас пневмониядан емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы айтты.

Ел бойынша стационарларда ПТР нәтижесі теріс, пневмониядан 28 мың науқас ем алуда. 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оның ішінде, 333 науқастың жағдайы ауыр. ПТР нәтижесі теріс, жедел респираторлық вирустық инфекция немесе басқа тұмау аурулары бойынша 4 мыңнан астам науқас емделіп жатыр, - деді ол. 
Анар Ғиниятқызы атап өткендей, өңірлерде барлық емхана мен жедел жәрдем, аурухана қызметі қарқынды жұмыс жасап жатыр.
Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия күнде таңертең басты көрсеткіштер бойынша есеп беріп отыр. Бұл көрсеткіштер халықтың аурушаңдығы мен өлім-жітіміне байланысты емес. Қанша кереует орындары әзірленді. Өңірлерде 70 пайыз инфекциялық, провизорлық стационарлар толғаннан кейін, кереуеті бар ауруханалар 30 пайызы ашылуға дайын тұруы керек. Стационарлық рентген аппараты қойылмаса, жылжымалы аппараттар бар. Ел бойынша цифрлық рентген аппараттарының саны жеткілікті. Пневмониямен ауырып жатқан науқастары бар ауруханаларда ол болу керек, - деді Ғиниятқызы. 
Ол атап өткендей, науқастардың жағдайы жақсарған соң, үйге шығару жағдайы ешқандай кедергісіз өткізілуі керек. 
Осы стационарларды 15 пайыз жансақтау кереуеттері толық ИВЛ аппараттарымен жабдықталуы керек. Осы талаптарды біз барлық өңірге таратып отырмыз. Жасалған жұмыстар бойынша әкімдіктер комсиссияға есеп беріп отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы