Статистика. Коронавирус әр 17 секунд сайын бір адамның өмірін қиюда

25 Қараша 2020, 06:50
1439
Бөлісу:
Статистика. Коронавирус әр 17 секунд сайын бір адамның өмірін қиюда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада әр 17 секунд сайын коронавирустан бір адам қайтыс болу фактісі тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюро өкілі Ханс Клюге мәлімдеді, деп жазады newsroom.kz сайты.

Кәрі құрлықта күніне 4,5 мың жан коронавирустан қайтыс болуда. 

Еуропа аумағында әр 17 секунд сайын бір адам вирус құрбаны болуда. Коронавирусты жалған деген әрбір ақпаратпен күресу арқылы біз бір адамның өмірін сақтап қалудамыз.Қазіргі уақытта Еуропада күніне COVID-19-дан 4,5 мың адам көз жұмуда. Біз барлық талапты, ережені ұстансақ, онда жаппай карантиндік жағдайдан шыға аламыз, – деді Клюге.

Өзгелердің жаңалығы