«Startup Bolashaq» жобасында ауқымды өзгерістер болады
27 Қазан 2021, 12:27 8483

«Startup Bolashaq» жобасында ауқымды өзгерістер болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Bolashaq» Қауымдастығының мүшесі, «Alawwal Partners» инвестициялық қорының басқарушы серіктесі Қаныш Тілеушін айтты.

Оның сөзінше, биыл жобада ауқымды өзгерістер болды. Осыған орай жоба ережесі де өзгерді.

Бүгінгі таңда өтініш беру басталды. Біздің жоба бизнес идеясы бар, бірақ оған қаражат немесе білімі жетіспей жүрген азаматтарға арналады. Бұл идея болашақ бағдарламасын оқып келген жастардан келген болатын. Түлектер бұрынғыдай грант ұтуға ұмтылмайды. Барлығы менторлық қызметке байланысты. Қатысушылар инвестиция бөлінгеннен бастап, беделді кәсіп иелерінің серіктеріне айналады. Сонымен қатар жоба аясында кәсіпкерлікпен айналысып қоймай, оны блогер, кеңес беруші ретінде қатысуға болады, - деді «Bolashaq» Қауымдастығының мүшесі, «Alawwal Partners» инвестициялық қорының басқарушы серіктесі.

Сонымен қатар «Bolashaq» Қауымдастығының Кеңес төрағасы Алмас Құдайберген инвестиция қаражатының ұлғайғанын айтты.

Жоба аясында 2016-2017 жылдар аралығында 2 мың адам өтініш беретін.Оның ішінен 10 адам таңдалып, жеңіске жететін. Ол кезде ұтып алған азаматқа құны 10 млн теңге грант берілетін. Қазір қаржы да, жеңілдік те артты, -дейді Алмас Құдайберген.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...