Стартаптарды дамытуға бағытталған тегін бағдарламаның қорытындысы шықты

10 Шілде 2020, 13:03
1355
Бөлісу:
Стартаптарды дамытуға бағытталған тегін бағдарламаның қорытындысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінде стартаптарды дамытуға бағытталған тегін бағдарламаның қорытындысы жарияланды. 13 үздік стартап жоба өз жобаларын қорғап шықты, деп хабарлады технопарктің баспасөз қызметі. 

Бағдарламаға е-commerce, білім беру, виртуалды және толықтырылған шындық, финтех, жылжымайтын мүлік, компаниялардың бизнес-процестерін автоматтандыру және салалардағы жобалар ұсынылды. Акселерация бағдарламасының 3 ай мерзімінде стартаптар өз сатылымдарын 28,7 миллион теңгеге ұлғайтқан. 

Demo Day кезінде бағдарлама түлектері акселерацияның үш ай жұмысы мен оқуы уақытында қандай жетістіктерге қол жеткізгендерімен бөлісті. Түлектердің басты міндеті -  инвесторларды қызықтырып, өз жобаларын дамыту үшін инвестиция тарту болды. 

Astana Hub акселераторы алғаш рет онлайн форматта өтті. 

Әлемдегі коронавирус пандемиясына қарсы бағытталған карантиндік шараларын ескере отырып, осындай шешім қабылданған болатын. Осының арқасында қатысушы стартаптар үйден шықпай-ақ қашықтан оқуға мүмкіндік алды. Бұл жағдайға дейін акселерациялық бағдарлама әрдайым Astana Hub технопаркінде өткізілетін, ал іріктеу кезеңінен өткен стартап командалар Нұр-Сұлтан қаласына келетін еді.

Акселерация қатысушылары үшін 30 модульден тұратын мазмұнды бағдарлама әзірленген болатын. 

 Ендігіде Astana Hub акселераторының түлектері клиенттер үшін тиімді ұсыныстарды оңтайлы дайындап, B2B және B2C секторларында сату процестерін құра алады. Контентті іс жүзінде пысықтай отырып, командалар өздерінің жұмыс алгоритмдерін құрады, өз өнімдерін сату тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне қатысты трекерлерден алдағы жұмыстарына тиімді әсер ететін кері байланыс алып отырды. 

WhatsApp Image 2020-07-10 at 12.35.37 (1).jpeg


 

Сондай-ақ, бағдарлама қатысушылары үшін өз ісінің шебері - Әмірхан Омаров пен Алексей Ли сияқты сарапшылармен қонақ дәрістері ұйымдастырылып, шешендік өнер курстары өтті. 

Біз алғаш рет акселератор бағдарламасын онлайн-форматта өткіздік. Әрине, бұл шешімнің артықшылықтары көп: қатысушылар үрдістен қол үзбей, әлемнің кез келген жерінен бағдарламаға қатысты. Әлемдегі және еліміздегі күрделі қаржылық және экономикалық жағдайға қарамастан, 31 жобаның 13-і өз өнімдерінің сатылымын 28 миллионнан астам теңгеге ұлғайта алды. Оған қоса, біздің трекерлер және кураторлармен жұмыс істеген кейбір жоба алғашқы сатылымдарын жасады, - дейді Astana Hub-тың атқарушы директоры Әділет Нұрғожин. 

Әділет Нұрғожин атап өткендей, ағымдағы акселерация легінде көптеген жоба EdTech саласымен байланысты болды.

Қазақстандық стартаптарда тек тамаша идеялармен қатар оларды жүзеге асыруға деген ұмтылыс бар. Олардың жаңашыл көзқарасы мен еңбексүйгіштігі экономикалық және әлеуметтік салалардағы оң өзгерістердің болуына әсер етеді: нарықта жаңа өнімдер пайда болады, қосымша жұмыс орындары құрылады, қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейі артады. Әрине, инвестициялардың қуатталған раундтары туралы айту әлі ерте, себебі бұл міндеттерді қамтымайтын жобалар да бар, алайда осы маусымда біз Astana Hub командасымен ауқымды жұмыс жүргіздік және де бүгінгі айтылған нәтижелер - трекерлердің, менторлардың және барлық стартап-командалар коллаборациясының жемісі, - деп толықтырды Әділет Нұрғожин. 

WhatsApp Image 2020-07-10 at 12.35.37.jpeg

Ал Aspans стартап-жобасының бас директоры 3 айдың қорытындысы бойынша жаңа клиенттермен келісімге қол қойғанын айтты.

Акселерация 7.0 бағдарламасына қатыспай тұрып, бізде IT-мамандар үшін кешенді шешімі бар платформа болған еді. Клиенттер көп болмаса да, оларға жүйені сату үшін көптеген презентациялық кезеңнен өту қажет болды. Алайда, акселерация кезінде  біздің трекермен жұмыс істеу уақытында бағдарламалаушыларсыз автономды түрде жұмыс істей алатын бұлтты, шағын және тез бейімделетін сервистерді жасау керегін түсіндік. Нәтижесінде, акселерация кезінде Aspans Object сервисі құрылды. 3 айдың қорытындысы бойынша біз жаңа клиенттермен келісімге қол қойдық және өз өніміміздің сатылымын 60%-ға арттырдық, - дейді Aspans стартап-жобасының бас директоры Ержан Қадырсізов. 

Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша акселератордың келесі 8-ші легі 2020 жылдың 15 шілдесінде басталады деп жоспарланып отыр.

 

Акселерация бағдарламасы - стартаптармен жұмыс істеудің ең тиімді жолы. Бағдарлама қорытындысы бойынша жоба инвестиция тарта алады. Бірақ акселерацияның негізгі мақсаты - инвестиция тарту емес, стартап командалардың алатын білімі мен машықтары. Жобаға қатысу үшін біз “көзінде оты бар” өршіл стартап-командаларды іздейміз, - деді Astana Hub бағдарламалар бөлімінің аға менеджері Айвар Құрманов.
 


 

 


 

Өзгелердің жаңалығы