Стамбұл және Делидегі қазақстандықтар елге оралады

2 Сәуір 2020, 19:00
1836
Бөлісу:
Стамбұл және Делидегі қазақстандықтар елге оралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Айтпайұлы онлайн брифинг барысында шетелде жүрген қазақстандықтар туралы айтты.

Коронавирустық инфекцияны таратпауға бағытталған шараларға бағытталған онлайн брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев шетелде жүрген қазақстандықтарға қатысты ойымен бөлісті.
Бүгінде халық тарапынан егер әуе рейстері тоқтаса, шетелде жүрген отандастарымыз елге қалай келеді деген сауалдар туындап отыр. Шетелдегі азаматтар мәселесімен Сыртқы істер министрлігі айналысады. Олардың тапсырмасы бойынша біздің авиа компаниялар азаматтарымызды елге алып келуге дайын тұр. Ертең Түркияның Стамбул қаласынан және Үндістанның Дели қаласынан екі рейс келе жатыр. СІМ әлемнің қай бұрышынан қазақстандықтарды алып келуге тапсырма берсе, біз орындауға дайынбыз, - деді ол.

Қайырбек Өскенбаев сондай-ақ теміржол, теңіз және автокөлік бағыттарына қатысты да тоқталды.
Тағы бір мәселе, теміржол бағыты. Бұрын 157 жолаушылар және қала маңындағы пойыздар қатынайтын. Олардың жұмысы да қазір тоқтап тұр. Бүгінде 24 пойыз ғана жүреді. Олар теміржол шаруашылығы қызметкерлерін тасымалдауға арналған пойыздар. Теміржол бағыты бойынша да жүк таситын пойыздарға шектеу жоқ. Автомобиль көлігі бойынша сырттан келетін көлік қозғалысын тоқтаттық. Ішкі автобус рейстері де тоқтады. Теңіз көлігі бойынша, өздеріңіз білетіндей, бізде екі порт бар. Ақтау және Құрық. Ол жерде де шетелдік азаматтар жүретін жолдар тоқтатылды. Мұнда да жүк таситын көліктердің жүруіне ғана рұқсат бар, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев елімізде көлік бағыттарының онлайн картасы әзірленгенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы