СҚО-да блок-бекеттер жұмысын жалғастырады

13 Қаңтар 2022, 20:07
1044
Бөлісу:
СҚО-да  блок-бекеттер жұмысын жалғастырады
Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында блок-бекеттер жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысында 13 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі алынды. 

Осыған орай, облыс аумағы мен Петропавл қаласына кіру шектеулерінен басқа, бұрын енгізілген шектеулер алынады. Террористік қауіптің сары деңгейіне байланысты терриризммен күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың шешімімен өңірде блок-бекеттер жұмысын жалғастырады, бұрынғыдай жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді көздейтін бақылау-өткізу режимі жалғасады. 

Бақылау-өткізу режимі тек халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана қалып отыр. Бұрын енгізілген шектеулер мен адамдардың тәртібі жалпы құқықтық тәртіпті нығайтуға септігін тигізді. Ішкі істер органдарының жеке құрамы бұрынғыдай ерекше режимде жұмыс істеуде. Қоғамдық тәртіп пен аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық маңызды объектілерді күзету жалғасады, – деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Өзгелердің жаңалығы