Бас жаңалықтар
«Спутник V» вакцинасын қандай жағдайларда салуға болмайды?
27 Қаңтар 2021, 17:25 1175

«Спутник V» вакцинасын қандай жағдайларда салуға болмайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов КВИ вакцинасын («Спутник V») салар кезде қандай қарсы көрсетілімдер бар екеніне тоқталды.

Оның айтуынша, бұл:

1) Құрамында ұқсас компоненттері бар вакцинаның немесе вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық;

2) анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар;

3) жүктілік және емізу кезеңі;

4) 18 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан (тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты);

5) II компонентті енгізуге қарсы көрсетілімдер: вакцинаның I компонентін енгізуге вакцинадан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, температура 40°С және т.б.).

Препаратты бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары, эндокриндік жүйе функциясының айқын бұзылуы (қант диабеті), қан түзу жүйесінің ауыр аурулары, эпилепсия, инсульт және орта жүйке жүйесінің (ОЖЖ) басқа да аурулары, жүрек-тамыр жүйесі аурулары (анамнездегі миокард инфарктісі, миокардит, эндокардит, перикардит, жүректің ишемиялық ауруы), бастапқы және қайталама иммун тапшылығы, аутоиммунды аурулар, өкпе аурулары, астма және СОӨА, диабетпен ауыратын және метаболикалық синдромы бар, аллергиялық реакциялары бар, атопия, экзема, қатерлі ісік, оның ішінде қанның қатерлі ісігі бар пациенттерге абайлап қолдану қажет, - деп түсіндірді Шоранов.

Бұған дейін Марат Шоранов соңғы екі айдағы көрсеткіш бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай төмендеп келетінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингі бойынша республикада желтоқсан айына қарағанда қаңтар айындағы өсім деңгейі 10%-ға артқан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...