Бас жаңалықтар
«Спутник V» вакцинасы Молдовада тіркелді
26 Ақпан 2021, 21:22 260

«Спутник V» вакцинасы Молдовада тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы Молдовада тіркелді.

Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында республиканың экс-президенті Игорь Додон хабарлады.

Бірнеше минут бұрын Молдова Республикасында коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы ресми түрде тіркелді. Жақын арада препарат Молдаваға жеткізіледі, - деп жазды ол.

Молдованың дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі вакцинаның тіркелгенін растады. Сонымен қатар елде Pfizer/BioNTech мен AstraZeneca да тіркелді.

28 ақпан-3 наурыз аралығында Кишиневке КВИ-ге қарсы AstraZeneca вакцинасының алғашқы партиясы жеткізіледі. Онда 14 мың доза вакцина болады деп күтілуде. 

Сонымен қатар жақын арада Кишиневке Бухарест 20 мың доза вакцина беретіні де айтылды.

«Спутник V» бұған дейін 38 елде тіркелген болатын. Оның ішінде Ресей, Беларусь, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түркіменстан, Венгрия, БАӘ, Иран, Гвинея, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Серб Республикасы (Босния мен Герцеговина энтитеті), Ливан, Мьянма, Пәкістан, Моңғолия, Бахрейн, Черногория, Сент-Винсент пен Гренадина, Қазақстан, Өзбекстан, Габон, Сан-Марино, Гана, Сирия, Қырғызстан, Гайан, Египет, Гондурас пен Гватемала.

Айта кетейік, Қазақстан алғашқылардың бірі болып 1 ақпаннан бастап «Спутник V» вакцинасын жаппай салдыра бастады. Бірінші кезеңде вакцина дәрігерлерге салынса, екінші кезекте ұстаздарға салынады деп күтілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...