Вакцинаны тіркеу мерзімі өтіп кеткен деген ақпарат жалған

26 Қараша 2021, 09:31
967
Бөлісу:
Вакцинаны тіркеу мерзімі өтіп кеткен деген ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазнет қолданушылары адамдарды «Спутник-V» вакцинасымен вакцинациялау заңсыз, себебі препаратты ел аумағында тіркеу осы жылдың 15 қазанында аяқталды деген ақпарат таратуда. Бұл ақпарат жалған деп хабарлайды stopfake.kz.

Вакцинаны тіркеу мерзімінің өткендігі туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

Вакцинаны тіркеу мерзімі өтіп кеткен деген ақпарат жалған

ДСМ МжФБК бұйрығына сәйкес, SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған құрамдастырылған векторлық вакцина – Гам-КОВИД-Вак вакцинасына берілген уақытша тіркеу куәлігі 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды, – деп хабарлады ведомстводан.

Демек, қазақстандықтардың бұл вакцинамен егілуі заңды. Естеріңізге сала кетейік, препарат клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық қажетті кезеңінен өтті және COVID-19 алдын алудың тиімді және қауіпсіз құралы.

Яғни, Қазақстанда «Спутник-V» тіркеу мерзімі аяқталғаны туралы ақпарат фейк.

Өзгелердің жаңалығы