Бас жаңалықтар
«Спутник V». Алғашқы 2050 доза Алматыға жеткізілді
31 Қаңтар 2021, 23:55 705

«Спутник V». Алғашқы 2050 доза Алматыға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцина Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға жергілікті уақыт бойынша 20.30-да жеткізілді. Препараттың алғашқы партиясы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына жіберілді. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Жауаптылардың айтуынша, 1 ақпан күні таңертең вакцина қаланың сегіз ауданындағы ауруханаларға бөлінеді. Салқындатылған жүк көлігіндегі препарат, хаттамада көрсетілген тасымалдау шараларын сақтай отырып -18 С температураға төзетін мұз пакеттері бар контейнерлерде, №7 Қалалық клиникалық аурухананың қоймасына жеткізілді. Вакциналар вакцинация аясында белгіленген медициналық ұйымдар арасында бөлінді.

Алматыда вакцинация пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егулердің стандартты жұмыс тәртібі бекітілді. Барлығы анықталған 40 БМСК. Иммундау курсынан Алматы ҚДБ 144 медициналық маманы өтуде. Иммундау жүргізілетін әрбір емханада салқындату жабдықтары бар жеке вакциналық кабинеттер бар. Оларда келесі мамандар жұмыс жасайтын болады — дәрігер, мейірбике-вакцинатор және мейірбике-тіркеуші. Сонымен қатар, жеке бөлме қарастырылған, онда вакцина алғандар 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады. Бірінші кезеңде, ақпан айында инфекциялық ауруханалардың, жедел жәрдемнің, санитарлық эпидемиологиялық қызметтің, жан сақтау бөлімінің қызметкерлері вакциналанады - делінген хабарламада.

Фото: дереккөз
Загрузка...