Спортшыға қысым жасаудың не керегі бар? - Илья Ильин

18 Қараша 2020, 03:17
1447
Бөлісу:
Спортшыға қысым жасаудың не керегі бар? - Илья Ильин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин спортшы Алеся Сафронованың жағдайына байланысты волейбол федерациясының басшылығына жүгінді.

Бұл жазбада мен әйелдер волейболында болып жатқан жағдай туралы айтқым келеді. Спортшы камераға ойындар әділ өтпейтінін және төрешілер қарсылас команданың жеңуіне көмектесті деп айтты. Ол кешірім сұрады. Ол ешкімді кінәлағысы келмейтінін және эмоциямен болғанын айтты.

Мен өзімнің атымнан айтқым келетіні. Айтты. Кешірім сұрады. Ескерту жасап, бір ойынға уақытша шеттетіңіздер, болды, ұмытылсын! Спортшыға қысым жасаудың не керегі бар? Спорт дегеніміз - эмоция. Федерация өкілдері, осындай жағдайларда адамның ішінде не болатынын түсінуіңіз керек қой? Сіздерден бұл мәселені қалыпты түрде шешуді сұраймын. Бір ойынға, екі ойынға шеттетіңіздер. Барлық спортшыға камераға сөйлеу кезінде мұқият болу керегі түсінікті болады!, - деп жазды Ильин. 

Өзгелердің жаңалығы