Қазақстандық спортшы Әлем кубогі кезеңінде күміс медаль алды

23 Ақпан 2020, 18:03
1985
Бөлісу:
Қазақстандық спортшы Әлем кубогі кезеңінде күміс медаль алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Милад Карими күміс жүлдегер атанды. 

Бұл туралы olympic.kz сайтында хабарланды.

Карими гимнастикалық керме бойынша жаттығуын сәтті аяқтап, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, ол қол тіреп секіруде 4-ші, қоссырықта 7-орын алды. 

Аталған жүлде Милад Каримидің Әлем кубогі кезеңіндегі екінші медалі. Кеше еркін жаттығуда 14.200 ұпаймен қолаға қол жеткізген болатын.

Айта кетелік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы