Бас жаңалықтар
«SportFEST Kazakhstan» Республикалық ойындарына 7 мыңнан астам мектеп оқушылары қатысады
27 Наурыз 2019, 15:10 1353

«SportFEST Kazakhstan» Республикалық ойындарына 7 мыңнан астам мектеп оқушылары қатысады

2019 жылғы наурызда елімізде «SportFEST Kazakhstan» Республикалық байқаулар басталады. Үлкен жобаның іріктеу турлары басталған бірінші аймақ Атырау облысы болды. Жобада 7000-нан астам 2003-2005 ж.ж. туылған оқушылар қатысады.

«SportFEST Kazakhstan» Республикалық ойындарына 7 мыңнан астам мектеп оқушылары қатысады


Үздік атаққа ие болу үшін 14 облыстың, 215 ауданның және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының оқушылары жарысады. Оларды шахмат, үстел теннисі, баскетбол, мини-футбол, әскери-қолданбалы және тоғыз құмалақ спорт түрлерінен байқаулар күтеді.

«SportFEST Kazakhstan» екі кезеңде өтеді. Біріншіден республиканың 14 облысында және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында аймақтық жарыстар өткізіледі. Үздіктер бағалы жүлделермен марапатталып,  финалға өтеді. Екінші кезеңде әрбір спорттың жеңімпаздары аймақтың немесе республикалық маңызы бар қаланың атынан қатысады.

Айта кету керек, жарыстан кейін әрбір аумақта барлық спорттық жабдықтар (теннис үстелдері, доптар және де барлық үстел ойындар) мектептерге бірден сыйға тартылады.

«SportFEST Kazakhstan» - жастардың арасынан бұқаралық спортты, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені насихаттау бойынша арнайы жоба.

«Бұл еліміздің аумағында екінші рет өткізіліп отыратын ең ірі жарыстардың бірі. Жоба балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуына мүмкіндік береді, оқушыларды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Сонымен қатар, «SportFEST Kazakhstan» - еліміздегі бұқаралық спортты дамытудың жарқын мысалы болып табылады», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының өкілі Мирас Иргебаеві.

Жастар жобасы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының және «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры» қолдауымен жүзеге асырылады. «Менің елім» өңірлердегі

Біздің жаңалықтарды www.sportfest.kz ресми сайтынан қараңыз. Сұрақтар пайда болған жағдайда +7 747 248 23 59 нөмірлі жедел желіге хабарласа алады.

Анықтама:

«Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының мақсаты - «Самұрық-Қазына» АҚ тобының кәсіпорындар тобы қатысатын аймақтардағы өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру.


Баспасөз үшін байланыс телефондары:

PR-менеджер: Алтынай Аманбаева

+77015066202

aaltynai.a@mail.ru




Фото: автордан
Загрузка...