Бас жаңалықтар
Құлыбаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады
16 Тамыз 2019, 16:57 200

Құлыбаев қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күнін атап өтеді. Бұл мереке 2003 жылы ҚР президент жарлығымен бекітілген. 

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Ұттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды аталған мерекемен құттықтады. 

"Бұл тек қана спортшылар мен бапкерлердің емес, барлық белсенді жандардың, жанкүйерлер мен ел патриоттарының және салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың мерекесі.

Спорт – адалдық пен теңдіктің әлемі. Олимпиадашылар мен паралимпиадашылардан үлгі алған әрбір адам алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында еңбектенеді. Спорт әр құрлық пен түрлі ел тұрғындарын біріктіретін күш. Олардың арасында бір ту астына жиналған қазақстандықтар да бар. 

Бірнеше айдан соң біз ең ірі спорттық оқиға – Токиодағы Олимпиада ойындарының қатысушылары мен куәгерлері атанамыз. Жанкүйерлер өз командасына рух беріп, олимпиадашыларға қолдау көрсететініне сенімім мол. 

Сіздерге шын жүректен табыс және денсаулық тілеймін! Спорт күні құтты болсын! Отандық спорттың жетістігі арта берсін!".


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық