Бас жаңалықтар
 ФИФА Венгрия құрамасын расизмі үшін жазалады
22 Қыркүйек 2021, 12:18 171

ФИФА Венгрия құрамасын расизмі үшін жазалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Венгрия құрамасын расизм мен жанкүйерлердің Англия ойыншыларына қарсы әрекеті үшін жазалады. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы 2 қыркүйек күні Будапешттегі «Пушкаш Аренада» өтті. Ойын бастала салысымен британдық қара нәсілді ойыншыларға қарсы венгрлік жакүйерлер маймылдың дауысын салып айқайлаған. Мұнымен тоқтап қалмай, ағылшын ойыншыларының қақпасына жақын жерге дәретхана қағазын лақтырған. Алайда, ағылшындар 4:0 есебімен жеңді.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон матчтан кейін жанкүйерлердің мінез-құлқын сынады. Ол ФИФА -ны қатаң шара қолдануға шақырды.

Енді жаза ретінде Венгрия құрамасы өз алаңындағы келесі екі кездесуін жанкүйерлерсіз өткізіп, 185 мың еуроға жуық айыппұл төлеуі тиіс.

Осылайша, Венгрия 9 қазанда Албаниямен жанкүйерсіз ойнайды. Егер екі жыл ішінде осындай оқиға қайталанса, шартты үкім күшіне енеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...