Спартакиада: ТЖД қызметкерлері жүлделі болды

12 Маусым 2021, 17:17
1664
Бөлісу:
Спартакиада: ТЖД қызметкерлері жүлделі болды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында өткен спартакиадада ТЖД қызметкерлері II орын алды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Талдықорған қаласында өткен Алматы облысы Мемлекеттік қызметшілерінің XIII жазғы Спартакиадасы аяқталды. Спартакиада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған жарысқа облыстың 17 ауданы мен 3 қаласының мемлекеттік қызметшілері, облыс әкімдігі, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Онда ТЖД командасы жалпыкомандалық 2-орынға ие болды.

Спартакиада «Жастар», «Өркен» спорт сарайлары мен «Динамо» спорт кешенінде спорттың 7 түрі бойынша өтті: шағын футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі. 

Бұл іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметшілерінің имиджін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу боп табылады.

Құқық қорғау органдарының жалпы командалық жарыстар блогында: I орын - Алматы облысының Полиция департаменті, II орын - Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті, III орын - Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті. 

Сондай-ақ жекелеген спорт түрлерінен Алматы облысы ТЖД қызметкерлері бильярд спорты бойынша I орынды Болат Нүрсейтов жеңіп алды.

Сонымен қатар командалық спорт бойынша І орынды - баскетбол және тоғызқұмалақ ойыны бойынша, II орынды – шахматшылар мен волейбол командалары, III орынды – футбол ойыны бойынша жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы