Сөзге тоқтаған халықпыз, бәрін ымырамен шешу қажет – Асылы Осман

5 Қаңтар 2022, 11:55
1135
Бөлісу:
Сөзге тоқтаған халықпыз, бәрін ымырамен шешу қажет – Асылы Осман

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қоғам қайраткері Асылы Осман Қазақстан халқын сабырға келіп, бәрін ымырамен шешуге шақырды.

Асылы Осман түнде Алматыда болған жағдайға қынжылатынын, кез келген мәселені ымырамен шешуге болатынын жеткізді.

Қазақ халқы бұрыннан сөзге тоқтаған халық. Сондықтан бәрін ымырамен шешкеніміз жөн. Иә, халықтың талабы дұрыс, мен халық жағындамын. Дегенмен, баса-көктеп қиратпай, билікке талап, тілекті дұрыс жеткізе білген жөн. Президент еститін мемлекет құрып жатқаны белгілі. Еліміздің тұтастығы қашан да маңызды, сондықтан ауызбірлік қажет. Халқым арандап қалмаса екен деймін. Өртеу, қирату дұрыс емес. Халық ымыраға келгені жөн, – деді Асылы Осман.

Айта  кетсек, кеше түнде Жаңаөзендіктерге қолдау көрсетіп шыққан Алматы халқы қала әкімдігіне дейін барды. Жиналған халықты әскерилер тарқатты. Сондай-ақ жиналғандар полицияның 3-4 көлігін өртегені айтылды.

Өзгелердің жаңалығы