Сөйлеуге шамалары келмеген. СҚО-да боранда жоғалып кеткен 2 бала табылды

19 Ақпан 2021, 16:04
2354
Бөлісу:
Сөйлеуге шамалары келмеген. СҚО-да боранда жоғалып кеткен 2 бала табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО-да полицейлер қатты боранда адасып кеткен кәмелетке толмаған екі баланы аман алып қалды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.

18 ақпанда сағат 20 шамасында Есіл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бірлік ауылының маңында екі баланың адасып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен. 

17 және 7 жастағы ағайындылар шанаға жегілген атпен Есіл өзенінің жағасында бағылып жүрген жылқылардың табынын қарауға шыққан. 

Көп ұзамай қар жауып, соңы қатты желге ұласқан. Ал балалар өздерімен бірге телефондарын алмаған. 

Есіл ауданының полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбековтің айтуынша, іздеуді өз қолына алып, хабарлама алғаннан кейін УАЗ Патриот автомашинасы және 3 қарда жүретін көлікпен аудандық бөлімнің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған топпен Бірлік ауылына жол тартқан. 

ТЖБ қызметкерлерімен, қорықшылар және жергілікті тұрғындармен бірлесе полицейлер жоғалған балаларды шұғыл іздеуге кіріскен. 

Төңіректі машиналармен, қарда жүретін көліктермен және жылқылармен аралап шыққан, ауыл тұрғындары ТЖ түсіністікпен қарап, 40 шақты ауылдық, оның ішінде салт атпен шыққандар іздеу жұмысына белсенді көмек қолын созды. 

Қолайсыз ауа райы жұмысты қиындата түскенімен, әр санаулы сәт аса қымбат болды. Айналаның көрінбеуі іздеу жасағына, олардың ұйытқыған боран мен қалың қарда адасуына қауіп туғызды. Сондықтан іздеуге жұп болып шығып, сақтық шараларын сақтауға тура келді, - деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Қарда жүретін көліктердің ұтқырлығы осындай қолайсыз ауа райында аса тиімділігін көрсетті. Криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Мұратбек Аяғанов пен ауыл тұрғыны Абзал Садуақасов балаларды бірінші болып көргендердің бірі болды. 

Сөйлеуге шамалары келмеген. СҚО-да боранда жоғалып кеткен 2 бала табылды

Ауылдан бірнеше шақырым жер болатын, сағат тілі 23.30-ды көрсетті. Үлкен ағасы үстіндегі бар сырт киімін шешіп, бауырын орап, арқасына мінгізіп алған. Балалар әбден шаршағандықтан, сөйлеуге де шамалары келмеген. Қатты боран басталған кезде шанадағы жегілген жылқы оларды үйден қарама-қарсы бағытқа қарай жүрген. Полицейлер, ауыл тұрғындары, қорықшылар мен құтқарушылардың күш біріктіруінің арқасында өкінішті жағдайға жол берілмей, балалар аман-есен ата-анасына оралды, - делінген хабарламада.

Айта кететіні, жергілікті блогерлер мен журналистер аудандық полицейлер мен ауыл тұрғындарының іс-әрекеттерін лайықты бағалап, сол күні түнде Facebook-те погондағы құтқарушылардың атына алғыс білдірілген посттарын орналастырған.

Өзгелердің жаңалығы