Бас жаңалықтар
СOVID-19: СҚО-да науқастар саны екі есеге азайған
14 Қыркүйек 2021, 14:24 73

СOVID-19: СҚО-да науқастар саны екі есеге азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев хабарлады. 

Оның айтуынша, өңірдегі коронавирус инфекциясына қатысты жағдай тұрақты.

Халықты вакцинациялау жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Індетке қарсы екпе салумен қатар басқа да алдын алу шараларына байланысты аурудың бәсеңдеуі байқалады.

Пандемия басталғалы бері 23 354 жағдай тіркелді. Оның ішінде, соңғы тәулікте – 75 жағдай анықталып отыр. Пациенттердің 92%-ы емделді. 181 адам қайтыс болды. Науқастар саны екі есе азайды, - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ биыл қаңтар айынан бастап аталған облыста 14 726 зертханалық расталған COVID-19 жағдайы айқындалған. Атап айтатын болсақ, халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіш 2683,5-ке тең болып отыр.

Соңғы 7 күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық деңгейі 97,3 құрады, Rt репродуктивті саны 0,985.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймақта.

Науқастардың ішінде 59 пациент клиникамен өздері барып жүгінген кезде, 14 эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша (бұрын анықталған науқастармен тығыз байланыста болғандықтан), 2 науқас эпидбақылау мақсатымен барғанда (жоспарлы госпитализация) анықталды, - деді Асқар Сақыпкереев.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...