СOVID-19: Қанша елордалық коронавируспен ауырып жатыр

12 Қазан 2021, 14:28
30820
Бөлісу:
СOVID-19: Қанша елордалық коронавируспен ауырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов хабарлады. 

Оның айтуынша, пандемия басталғалы елордада коронавируспен сырқаттанушылықтың 144 161 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 139 мыңнан астам адам, яғни олардың 97%-ы індеттен сауыққан.
Елорда бойынша 990 төсек-орын қуаттылығымен 7 инфекциялық стационар қызмет етеді. Еске салып өтейік, сырқаттанудың өршуі кезінде жазда 4 мыңға жуық төсек-орын қуаттылығы бар 16 стационар инфекциялық бағытта жұмыс істеді. Бүгінгі күнгі мәліметке сәйкес, 578 адам ковидті стационарларда ем қабылдап жатыр. Төсек-орын жүктемесі 58,4%-ды құрайды, - деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кететін жайт, жаз айларында бұл көрсеткіш 70%-ға артық болған.

Шілде айының басында 600 төсек-орынға арналған ковидті аурухана ретінде бейімделген Көпбейінді №1 қалалық аурухана осы аптада инфекциялық ретінде жабылып, аурухана өзінің бастапқы қызметін жалғастыратын болады, - деп атап өтті Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, елорда тұрғындарының 70%-ға жуығы коронавирусқа қарсы вакцина алғандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы