COVID-19 балаларға көшті

29 Шілде 2021, 07:46
1437
Бөлісу:
COVID-19 балаларға көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус жұқтырған балалар саны артқан. Облыста 78 бала емделіп жатыр. Олардың басым бөлігі – жас сәби. 

Әлемді індет жайлаған 2020 жылдың өзінде 155 бала ауырыпты. Биыл 300-ден асып кеткен. Облыстық балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасы күніне 15 жеткіншекке дейін қабылдайды. Мамандар аурудың симптомы әртү рлі болып келетінін айтады. Олар – жөтел, дене қызуының көтерілуі, іш өту және мұрынның бітуі.

Клиникамен түсетіндер көп – пневмония, өкпенің 40 процентке дейін зақымдануы. Бұл – жағдайы ауыр науқастар. Біз оларды емдеп жазамыз. Жұқпалы аурулар ауруханасына түскен балаларға он күндей ем-шаралар жасалады және бәрі бірдей аурудан құлан таза айығып шығады. Бір жылда Covid-19 салдарынан асқынулар кездескенімен, қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ, – дейді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Зере Садақова.



Өзгелердің жаңалығы