Бас жаңалықтар
СOVID-19: Ақтөбеде ПТР сынамасын жүргізетін қанша зертхана бар?
24 Қыркүйек 2021, 17:44 366

СOVID-19: Ақтөбеде ПТР сынамасын жүргізетін қанша зертхана бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады. 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста коронавирус инфекциясын анықтау үшін ПТР зерттеулерін жүргізетін 12 зертхана жұмыс істеп тұр.

Медициналық-эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес, облыстағы аталған 12 зертхананың тәуліктік қуаттылығы - 7900 зерттеу. Қазіргі уақытта күніне орташа есеппен 3000-нан астам зерттеулер жүргізіледі, - деп атап өтті Руслан Хамбаров.

Сонымен қатар биыл облыстағы реанимация бөлімшелерін жабдықтау үшін 400 000 мың теңгеден астам сомаға 70 медициналық жабдық сатып алынған.

Коронавирусты емдеу үшін 66,156 бірлік мөлшерінде дәрілік заттардың 5 түрі бар. Олар: Парацетамол, Ибупрофен, Ривароксабан, Апиксабан, Дабигатран, 4,52 млн теңге сомасын құрайды. Бүгінгі күні 31,9 млн теңге сомасына 5083 емделушіге көмек көрсетілді, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында келесі жылы 2 млрд теңгеге жуық қаржыға медициналық құрал-жабдық сатып алынатындығы туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...