СOVID-19: 8 млн 300 мың адам вакцинаның І компонентін салдырған

4 Қараша 2021, 09:41
804
Бөлісу:
СOVID-19: 8 млн 300 мың адам вакцинаның І компонентін салдырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. Оның айтуынша, соңғы үш айда індеттен емделушілер саны 90 767 адамнан 43 397 науқасқа дейін азайған.

Бұған жаппай вакцинациялау қарқыны әсер еткен болуы мүмкін.

Халықты COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинамен жалпы халықтың 40,3%-ы қамтылған. І компонентпен 8 млн 300 мыңнан астам адам егілді. Егілуі тиіс халықтың 73,4%-ы немесе жалпы халықтың 44,3%-ы қамтылды. ІІ компонентпен 7 млн 600 мыңға жуық адам екпе алған. Бұл – егілуге тиісті халықтың 66,6%-ы, бұл жалпы халықтың 40,2%-ын құрайды, - деді Марат Шоранов.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирусқа шалдыққан науқастар 3 есеге азайғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы