СOVID-19: 75%-дан астам қазақстандық вакцина алған

14 Қыркүйек 2021, 10:23
9557
Бөлісу:
СOVID-19: 75%-дан астам қазақстандық вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, халықты вакцинациялау жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда І компонентпен 7,1 млн-нан астам тұрғын қамтылды. Тиісті халықтың 75,1%-ы қамтылды. ІІ компонентті салдырғандар саны 5,9 млн-нан астам адамды құрайды. Бұл тиісті халықтың 60%-на тең, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар ол өңірлер вакцинаның жеткілікті мөлшерімен қамтылғанын жеткізді. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылып отырған көрінеді.

Вакцинация әлі күнге коронавирус инфекциясының алдын алудағы жалғыз әрі тиімді жолы болып қала береді. Сондықтан әр қазақстандықты вакцина салдыра отырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосуға шақырамын, - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздегі инфекциялық стационарлардың жабылып жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы